2-тапсырма: Мәтінді оқыңыз. Мәтін мазмұны бойынша 4 сұрақ құрастырыңыз. / Прочитайте текст. Составьте 4 вопроса по содержанию текста./ Қазақ халқында ою-өрнек өнері өте ежелден дамып келе жатқанын білеміз.Бүгінгі таңда қазақ халқында 230-дай ою-өрнек атаулары белгілі болып отыр.

«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» - дейді халық даналығы.

Әрбір қолөнер туындысы – өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және салт-дәстүрінің нақты көрінісі.Олар құмнан, тастан, саздан құмыра, көзе, ыдыс-аяқ; мүйізден, сүйектен, мал мен аң терісінен, ағаштан әшекейленген нақышты дүние-мүлік, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз, сияқты музыка аспаптарын; темірден, мыстан қылыш, найза,қанжар, айбалта, күрсі секілді құрал, қару жасады.Қазақ халқының қолөнерінде киіз үй жабдықтарын, ағаш төсек жасау, зергерлік бұйымдар жасау кең дамыды.

Ағаш, киіз тәрізді материалды ойып, тесіп, бедермен, сүйек, металдан жасаған сәндік жосықтарды шеберлер «ою» дейді де, кестелеп, термелеп, жанымалап шығарған ою ырғақтарын «өрнек» дейді.

1.

2.

3.

4.

[4 ұпай]

dina249 dina249    3   28.04.2021 11:28    3

Ответы
rsobal45gmailcom rsobal45gmailcom  28.04.2021 11:30

1. Бүгінгі таңда қазақ халқында қанша ою-өрнек атаулары белгілі болды?

2. Қолөнер туындылары қандай аспаптардан жасалынады?

3. Шеберлер ”ою„ деп нені атайды?

4. Ою ырғақтары қалай аталады?

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi