ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ Берілген тақырыпқа төмендегі талаптарды ескере отырып, жанрлық ерекшеліктеріне сәйкес "Зере" атты сән үйінің ашылуына
жарнама құрастырып жазыңыз. Сән үйінің атауына баса назар аудара отырып, онда сатылатын заттарға да мән беріңіз. Сөз саны:
40-50 сөз.
Жарнама мәтінінің 4 бөліктен тұратын блоктық композициясы (Г.В. Гельвановский бойынша) кеңінен қолданылады. Оған:
Слоган: қысқаша жарнамалық лозунг, үндеу, ұран, нақыл сөз, тақырып.
Бастама: Слоганның негізгі мазмұнын ашатын қысқаша мәтін.
Ақпараттық блок: негізгі мәтін туралы ақпарат береді.
Ақпараттық деректер: мекенжай, байланыс құралдары, жеткізу шарттары және т.б. жатады