3. XIII-XV ғасырларда дәстүрлі шаруашылық қалай дамыды?​

vlad134631 vlad134631    2   16.02.2021 09:04    0

Ответы
ayserg1980ozvpli ayserg1980ozvpli  18.03.2021 09:04

XI ғасырға қарай Батыс және Орталық Еуропада орман азая түсті. Шаруалар егінге жер әзірлеу үшін калың ну ормандарды отап, оларды тамырларымен қопарды. Көп жерлерде батпақтар күрғатылды. Бүрын қаңырап, бос жатқан жерлер жайқалған егістікке айналды. Жыртылатын жер көлемі едәуір кеңейді.

Қос танапты егіс үш танапты егіспен алмасты. Жыртылатын жер енді екіге емес, үш танапқа бөлінді - оның біреуіне күздік дакылдар, екіншісіне жаздық дақылдар себілетін болды, ал үшіншісі тыңайтуға қалдырылды. Енді егістіктің жартысы емес, үштен бірі ғана тыңаятын болды.

Ауыл шаруашылық техникасы баяу болса да, жақсара түсті. Шаруаларда темірден жасалған еңбек құралдары көбейді. Жеңіл соқамен қатар, доңғалақты ауыр сока кеңінен қолданыла бастады. Шаруа ондай соқамен жерді терең жыртып, оны темір тісті тырмамен қопсытты. Күздік егістік үшін жер екі-үш рет жыртылды. Бау-бақша, жүзімдік өсірілді. Егіншілік өнімдерінің түрлері көбейді, олардың шығымы артты.

Шаруашылықтарда сиырдың, қойдың саны өсті. Оңтайлы камыттың ойлап шығарылуына байланысты жылқы мініске ғана емес, сонымен бірге жүк тасуға да пайдаланылатын болды. Оларды соқаға жегу жер жыртуды тездетті. Еңбек құралдарын темірден жасау металды көп керек етті. Соған байланысты Еуропада металл рудасын өндіру артты, металдарды балқыту, өңдеу ісі жақсарды. Темір ұсталығы және қару-жарақ жасау дамыды.

Еуропа халқы енді зығыр матадан тігілген киімді місе тұтпайтын болды. Жүннен мата тоқу кең өріс ала бастады. Халық арасында «зығырды қой жеңді» деген мәтел де пайда болды. Зығыр және жүн маталары үлкен станоктарда тоқылды. Сөйтіп, феодалдық құрылыстың нығаюына байланысты үлкен ілгері басушылық байқалды: егіншілік пен мал шаруашылығы да, қолөнер де дами түсті.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
edinorogsasha edinorogsasha  18.03.2021 09:04
Қарастырылып отырған кезеңде қазақтар шағын ауылдар болып тұратын. Олар негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Жекелеген аймақтарда егіншілік пен балық аулау кәсібі дамыды.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi