Тапсырма. Төмендегі пікірдің бірін таңдап, берілген сұрақтар бойынша «Жусандытөбедегі үміт сәулесі» тақырыбында сыни хабарлама жасаңыз. Сұрақтар: 1. Аян қатарлы балалар неден үмітті еді?

2. Әңгіме неліктен бірде мұңды, бірде қызықты суреттелді?

3. Аян айтқан ертегілер соғыс зардабын шеккен отбасының балаларының көңілін аулай алды деп ойлайсың ба?

1 пікір

«Балалар, тоқтаңдаршы. Мен сендерге кешегіден де қызықты ертегі айтып беремін» деп аяғын сылти басып, балалардың соңынан еріп жүретін Аянның аянышты тағдыры бүгінгі оқырманға таңсық болмас. «Жусан иісі» әңгімесін оқыған сайын, әуелі есімізге жусанның иісі оралады. Жусанның иісі ауылда өскен, ауылда дүниеге келген, ауылдың қара топырағын иіскеп өскен әр баланың есіне оралатыны анық. Аян тағдырына қатысты сауалыма Сайын аға бір кездері: «Бұл біздің ауылдағы соғыс кезіндегі балалардың барлығының тағдырынан жинақталған» деп еді.

2 пікір

Жазушының Ғұмар деген досы былай деп айтқан екен. «Сенің «Отау үй» атты кітабыңда «Жусан иісі» атты әңгімең бар емес пе?! Міне, соны оқыған біздің ауылдың Тәжібай, Науқан деген ағайынды механизатор екі жігіттің үлкені: «Бұл мен туралы жазылған екен», - дейді отырып. Оны естіген кішісі: «Жоқ, мұндағы Аянның тағдыры тура маған ұқсайды», - деп оған қарсылығын білдіреді.. Әңгіменің тым шынайы жазылғандығы да шығар, жерлестерінің ол шығарманың өн бойынан өздерін іздеп, өз болмыстарын танып жатқандығы. Әрине, Аянның тағдыры тым аянышты. Жусан иісін ұмыта алмайтын баланың ауылды, жусанды ұмытып кетуі мүмкін емес. Әңгімедегідей біз де Аянның жусанды ауылға қайтып оралуын тілеп едік​

mops14 mops14    1   09.02.2021 20:18    4