Сочинение на тему 8 марта на козахском языке

sasunaklukina sasunaklukina    2   24.09.2019 06:10    3

Ответы
GoG353 GoG353  08.10.2020 14:16
Әркімнің анасы бар. Сол аналарды құрмет тұтып, қастерлеу біздің борышымыз. Ана түн ұйқысын төрт бөліп біздерді әлпештеп өсіреді. Біздер аналарымыздың қадірін білуіміз керек. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді. Менің де анам бар. Ол үйде бала тәрбиесінде. Мен анамды қатты жақсы көремін. Себебі, ол мені өмірге әкеліп, барын алдыма тосып, әлпештеп өсірді. Менің анашым әлемдегі ең сұлу, нәзік, жүрегі кең адам. Өйткені ол а ң бар нәзік сәбилерін барлық жанымен сүйе біле алады. Анам бір қиындық туса құтқарып, әрқашанда ағайын-туғанның арасын жақындатып жүреді. Анам өзінің білгенін басқаларға үйретуден жалыққан емес. Мен анамнан көп жақсы нәрселер үйрендім. Ол қанша шаршап жүрсе де балаларын ешқашан тыңдаусыз, байқаусыз қалдырмаған. Балаларын тыңдап оларды мақтап, мадақтап — «менің балам әлемдегі ең керемет жан, өзі ақылды, өзі білгір» — деп қана айтып жүретін. Мен анама ризамын.Мен мына өлең шумақтарын аяулы анама арнаймын: Нұрын шашқан күніміз, Айжұлдызды түніміз. Мәпелеген қамқоршым, Ана біздің гүліміз. Мен бұл сөзімді әрбір адам алдымен анасын құрметтей білуі керек” деп аяқтаймын. Мен анамды үлгі тұтамын!

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/14653-nauryz_8.html
© www.ZHARAR.com
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi