Тапсырма. Мәтіндерді оқыңыз. 1-мәтін. Көне түркі жазуы
Көне түркі жазуы (басқаша Орхон-Енисей жазуы) – V ғ. б.з.б. – X ғ. б.з. түркі тайпаларының жазуы. Бірінші рет Орхон өзенінің бойынан (Екінші түркіт қағандығы) және Енисей өзенінің жоғарғы ағысынан (Қырғыз қағандығы) табылды. Кейде руника жазбасы дейді, алман руналарымен жанасым табады (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі онда негізгі велярлық және палатальдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған.
2-мәтін."Құпия таңбалар кілті-ғылым жаңалығы"
XIX ғасырдың аяғына дейін көптеген шығыстанушы ғалымдар Орхон жазуының сырын ашуға талпынады. Өйткені соңғы екі ғасыр бойы бұл жұмбақтың шешімі табылмай келген еді. Дания ғалымы В.Томсен бұл іске білек сыбана кіріседі. Ғалым бұған төрт жыл өмірін сарп етеді. Ақырында бұл жазудың фонетикалық заңдылығын ашады. Содан кейін бұл құлпытастың жазу жолдарын оңнан солға қарай оқып, біраз басын қатырады. Ақырында бірінші жолдың басындағы жазуды оңнан солға қарай ежіктей отырып, алғашқы төрт әрпінен "ТҢРІ" деген сөзді шығарады. Бұл-"тәңірі" деген сөз еді. Ал одан кейінгі әріптерге зер салып, "түркі" деген сөзді оқыды...
Ол,шынында да, жұмбақ жазу сырын тапты. Бір емес, екі сөзді оқыды, ендігісі пәлендей қиын емес еді. Сонымен, екі ғасыр бойы сырын бүгіп келген таңбалар "көне түркі жазуы" болып шықты.
1-тапсырма.а)Мәтіндердегі тақырыпқа қатысты тірек сөздерді анықтаңыз.
Көне түркі жазуы :
Құпия таңбалар кілті-ғылым жаңалығы:
ә)Мәтіндерде қандай ерекшелік байқалады?
б)Мәтіндер қай стильде жазылған? Ерекшеліктердің стильдерге қатысы бар ма?

toshakotik toshakotik    2   02.11.2020 10:41    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi