Тапсырма
1. Төмендегі екі пікірдің бірін таңдап, Шерхан Мұртазаның шығармашылығына 3-4 сөйлеммен көзқарасыңды білдір.
• «Шерхан Мұртаза – қазіргі қазақ әдебиетінің рухани қорын әр жанрдағы еңбектерімен байытқан қарымды қаламгердің бірі. Ол қазақ халқының бір ғасырлық (1904-2004) жанды картинасын жасауға белсенді қатысты» деген Нұрдәулет Ақыштың ойын ашып, өз көзқарасыңды білдір.
• «Шерхан Мұртаза депутат болып отырғанда да, талай БАҚ-та басшы болғанда да ұлт мүддесін бәрінен жоғары қойды. Кез келген мәселені ұлттық тұрғыдан қозғаушы еді. Енді ондай адамдар сиреп барады. Ең соңғыларының бірі – Шерағаң болды. Азулы журналист. Айтқаны ұстаның қаққан шегесіндей дөп тиетін. Тіпті, Елбасымен өткен сұхбаттарда мәселені төтесінен қоюға тайсалмайтын. Тұрар Рысқұловты қалай көтерсе, өзі де соның деңгейіне жеткен тұлға. Елі үшін, жері үшін басын қатерге де тікті.» Д.Исабековтің пікіріне талдау жаса.
2. «Бесеудің хаты» - жас ұрпаққа азаттықтың қандай қасіретпен келгенін ұғындырар сүбелі туынды» деген тақырыпта әдеби сын жаз. (90-100 сөз )
Бағалау критерийі тапсырма дескриптор
автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтайды
1
көзқарасын білдіреді; 1
берілген ойды ашады; 1
шығармадағы оқиға көрінісімен автор бейнесін байланыстырады 1
ойын тұжырымдайды; 1
ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға
әдеби сын жазу
2 өзіндік көзқарасын білдіреді;
ғылыми деректер пайдаланады; 1
1
3 дәлел келтіреді; 1
1
1
әдеби сын форматы сақталады; 1
барлығы 10