1-мәтін -Жанқожа батыр келді,-деп алдынан шулап шыққан ауыл адамдарына сәлем берген соң , хабаршыдан естіген тосын оқиғаның мән-жайын сұрады. -Ойбай,біз пәлеге жолықтық!
-Әр күні бірнеше малымызды әкетеді.
-Бүйте берсе, қу таяқты құшақтап қалатын шығармыз... –деп шулап қоя берген адамдарды оң қолын көтеріп сабырға шақырды да, өзі тағайындаған жасақ басшысына иегін қағып сөйле дегендей кейіп танытты.
-Ауылда аждаһа аралағанына бір жұма болды. Әр күні түстен кейін қой-қозы,бота,тады жұтады да ,жоқ болып кетеді.Атқан оқ дарымады. Әзірге адамға ауыз салған жоқ. Кейін қайтерін кім білсін?Шарасын таппай дал болдық,-деді садақ ұстаған дембелше жігіт.
-Ойбай...әне...тағы келді,-деп сөзін жалғастырды дембелше жігіт.-Аждаһа Күлән деген жесір әйелдің үйінің жанындағы суы тартылып кеткен ескі құдықтан шығады.
2-мәтін Отырар 8-ғасырдың басынан Тарбанд деген атаумен белгілі. Қала 9-ғасырдың өзінде-ақ ірі қала болған. Әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған. 1218 жылы Хорезмшаһ Мұхаммедтің Отырардағы билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғыс хан керуенінің саудагерлері өлтіріледі. Бұл Шыңғыс ханның Орталық Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын “Отырар апаты” деген атпен белгілі. Келесі жылы Отырарға моңғолдар шауып, қаланы қиратылып, тұрғындары қырғынға ұшыртады. Қазіргі уақытта Отырар – бесбұрыш тәріздес төбе.
Мәтін түрі
Тақырыбы
(Не туралы?)
Негізгі идеясы
(Не үшін жазылған?)
Мақсатты аудиториясы
(Кімге арналған?
Стилі
o Ауызекі сөйлеу стилі
o Публицистикалық стиль
o Көркем әдебиет стилі
oҒылыми стиль
о Ресми іс қағаздар стилі