Тапсырма 1. Мәтінді мұқият оқыңыз (мәтінді ықшамдауға болады). Мәтіндегі негізгі, қосымша
ақпараттарды және көтерілген мәселелерді ажыратыңыз. Негізгі ақпараттың тұсына «+»
белгісін, қосымша ақпараттың тұсына «-» белгісін, ал мәселенің тұсына «?» белгісін
қойыңыз.
осы
екен.
IPhone 6 смартфонын құлтемірлер құрастырады
Apple өнімдерін құрастыратын «Foxconn Technology» компаниясы жұмысшы
адамдарды құлтемірлерге ауыстыруды бастады. Нақтырақ айтсақ, iPhone б смартфондары
жиналатын конвейерлер толық құлтемірлер арқылы басқарылатын болады, - деп хабарлайды
«mashable.com» сайты. Қазіргі кезде «Фоксбот» (Foxbot) деп аталатын арнайы жабдықталған
автоматты құрылғылар тәжірибе жүзінде тексеруден өтіп жатыр. Алдағы уақытта «Foxconn»
зауыттарының бірі құлтемір
аппаратымен жұмыс жасайтын болады. Ал Apple
компаниясының мобильді құрылғылары жансыз темір аппараттар жасап шығарған алғашқы
өнім болмақ. Бұл ақпаратты «Foxconn» компаниясының атқарушы директоры Терри Гоу
акционерлердің жиналысында хабарлады. Гоудің жасаған хабарламасына орай, iPhone
сериядағы жаңа смартфондарды құрастыратын компания 10 000 «Фоксботь» іске қоспақшы
20 000-нан 25 000 АҚШ доллары шамасында тұратын әрбір темір жұмысшы
компанияға қаржының біршама үнемдеуін алып келеді. «Apple Insider» ақпаратына сенсек,
бүгінде, Қытайда орналасқан «Foxconn» компаниясында 1 миллион адам еңбек етеді екен.
Жалпы бұл жоспар «Foxconn» компаниясында 2011 жылы басталған болатын. Сол
кездегі жоспар 10 000 темір аппарат болған. Ал 2014 жылға дейін олардың саны 1 миллионға
жетуге тиіс болған. Дегенмен, құлтемірдің бағдарламасын жасау біраз қиындық тудырып,
жасалған жоспар уақытынан кешіктірілген болатын 2014 жылдың наурыз айында Apple
iPhone смартфондарының қуат жинақтағылшын толық автоматты түрге өткізу туралы ақпарат
жарияланған болатын. Оған түрткі болған басты себеп смартфонның құрастырылуы кезінде
адам еңбегін көп қажет етуі еді. Дегенмен, бар еңбек құлтемірдің есесіне жазылмасы анық.
Қалай дегенмен де, құрастырудың бастапқы кезеңде «Foxconn» компаниясы адам еңбегінсіз
белгіленген нәтижеге жете алмайды. Сондықтан компания басшылығы тағы 100 000 адамды
жұмысқа алуды көздеп отыр. Себебі біз алдында хабарлағандай, iPhone 6 смартфондарының
ең көп мөлшердегі сандық көрсеткішін жоспар бойынша өз уақытында жасап үлгеру мүмкін
болмай қалады. Бұл жыл Apple жаңа смартфонның екі түрлі нұсқасын шығаруды жоспарлап
отыр. Қытайлық жабдықтаушылар құрастыруды осы тамыз айынан бастауға дайын