"ТАБИҒАТТЫ БІРГЕ САҚТАЙЫҚ" ДЕГЕН ТАҚЫРЫПҚА СУРЕТ , ШЫҒАРМА НЕМЕСЕ ЭССЕ ​

Angelina1409 Angelina1409    3   20.01.2021 16:55    6

Ответы
Ясныйпень Ясныйпень  20.01.2021 17:00

Объяснение:

Табиғат – адамзат өмір сүріп жатқан орта, ортақ үй, ортақ мекен. Адам мен табиғат – егіз ұғым. «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтерілері анық.

«Мәуесі бардың әуесі бар» дейді халқымыз. Табиғатқа өз үйіндей қарап, оны аялаған адамның да қоршаған аясы әдемі болмақ. Үйің мен бау-бақшаңа қарай қарағаның сынды тұтас табиғатқа да сондай жанашырлықпен қараған жөн.

Табиғаттағы өсіп тұрған бір ағашқа күтім көрсетсең, соның өзі жаншарлық. Қоқысты қоқыс салғышқа салсаңда, табиғатты сақтауға үлес қосқан боласың. Табиғатқа бір тал ексең, сол ағаш өскеннен кейін таза ауа шашады. Барлық адамды осы әдемі, ауасы таза кең байтақ табиғатымызды сақтауға үлес қосуға шақырамын. Ол әркәмнің қолынан келетін іс деп ойлаймын. Табиғатты бірге сақтауға ат салысайық!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi