Ұсынылған тақырыптың біріне эссе жазыңдар. Құрамы (120-150) сөзден тұратын жазба жұмысы (эссе) орындау керек​


Ұсынылған тақырыптың біріне эссе жазыңдар. Құрамы (120-150) сөзден тұратын жазба жұмысы (эссе) орынд

MaksRomanov1 MaksRomanov1    2   16.03.2021 07:09    1

Ответы
нюша306 нюша306  16.03.2021 07:10

Қай  қазақта  болмасын  өзінің  атадан  балаға  мұра  болып  келе  жатқан  көзінің            дарытып,көңіліне  қондыра  білу  өмір  қажетінен  туындап  отыр. Өйткені  қарашығындай  сақтап,қымбат  қазынасына  айналған  ұлттық   өнері  болады.Қазақтың  әдеп – ғұрпын,салт-дәстүрін,әдеп-дағдыларын  жас  ұрпақтың  бойына   сіңіру,ойын  арқылы  баланы  нәресте  шағынан  бастап  адалдыққа,батылдыққа, елін,жерін,тілін  сүйе  білуге,отаншылыққа,адамгершілікке, мейрімділікке, еңбектенуге  тәрбиелеудің  құралы  ойын. Ғасырлар  бойы ұрпақтан,ұрпаққа  жалғасып,ұмытылмай  келе  жатқан  ұлттық   ойындарды  бала  жасына  лайықтыларын   таңдап  алып  пайдаланса ,бүлдіршіннің  тілін  жетілдіруге, ой танымын  кеңейтуге,тапқырлыққа,ептілікке   баулуға  пайдасы  зор.Ойын  үстінде  бала дене  қимылдары  арқылы   өзінің  денсаулығын  нығайтып,айналадағы  заттар  мен  құбылыстардың  сырын  танып  біледі,дағдысына   үйренеді.   Қазақтың   ұлттық  және  спортық  ойындарының  өзіндік  тарихы,даму  жолдары  қалыптасу  кезеңдері  бар.Қазіргі  табиғи  деректерге  қарағанда  бізге жеткен  ұлт  ойындарының   біразы  сонау  көне  заманнан  басталған  «Бес  тас»,  «Асық»,  «Садақ  ату»,сияақты  ұлттық  ойындар  шамамен  осыдан  5  мың  жыл  бұрын   ойнағандығын  ғалымдар   дәлелдеген .

Мысалы: Осы  күнге  дейін  мәнісін  жоймаған  «асық»  ойынына   кез  келген  сүйекті  емес, малдың  асықтарын  алған.  Бес  тас  ойыннында  кез  келген  тастар  емес,ұстауға  ыңғайлы  домалақ  тастар   пайдаланған.   Ұлттық   ойындардың  қалыптасуы  тек  балаларға  керектігінен  дамып  қойған   жоқ,ересектердің  күнделікті  тіршілігіндегі  қозғалысы  мен  көңіл  көтеріп,демалыс  уақытын  көңілді  өткізетін   еңбектің   бір  түрі  ретінде  қолданған,дамыған. Әртүрлі  қимыл  әрекетті  ойындар  мен  асық  ойындары  ересектер  арасында  дамыды  да, кейін  келе  жас  өспірімдерге   қалды.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi