стиль,мәтінің түрі ,құрылысы , немесе жүріс-тұрысы, мінез-құлқындағы бір ерекшелігі адамдар- дың кейбір мінезін білдіруге қолданылған. Мысалы, түлкі айлакер, екіжүзді, алаяқ қу, қасқыр мен жолбарыс адуынды озбыр, қара күш иесі, аю - икемсіз, қарабайыр т.б. Жыртқыштар қанаушыларды, әлсіз жануарлар кедейлерді еске түсіреді. Олар- дың іс-әрекетімен қатар, мінездері де шебер сомдалады. Жануарлар туралы ертегілердің құрылымы күрделі емес. Олардағы сюжет хайуанаттар арасындағы кездесулер мен қақ- тығыстарға құрылады. Олардың үлгілері «Қотыр торғай», «Кім неден күшті?» т.б. ертегілер. Мұндай мысал-ертегілерде баяндау белгілі бір моральдық қағида мен тұжырымды дәлел- деуге бағытталады, сол себепті олар көп жағдайда нақылмен аяқталады. Жануарлар туралы ертегілер адам болмысының ертедегі то- темдік сенімдерімен байланысты пайда болған.

ooolyyya2001 ooolyyya2001    3   29.11.2021 13:44    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi