Әр адамның хоббиі әрқалай ғой. Отбасымда інім спорттық заттар жинағанды ұнатады( доп, ракетка, гантель т.б) , ал сіңлім әшекей бұйымдар жасап, жинап жүреді. Сол сияқты әр түрлі хоббилер бар. Ал отбасымыздың хоббиі ол- тауға шығу және балық аулау. Аптасына бір рет жексембілік тауға шығып немесе балық аулауға барамыз. Ондағы алатын әсерімді сөзбен жеткізе алмаспын.