Сабақ мазмұнына байланысты берілген тест тапсырмаларын орындаңыз. Тест тапсырмалары 10 сұрақтан тұрады..
Шоқанның «Ыстықкөл күнделігі» зерттеу еңбегі қай жылы жазылғандығын көрсетіңіз.
A) 1855
B) 1856
C) 1857
D) 1858
«Ыстықкөл» сапары қай қаладан басталатындығын көрсетіңіз.
A) Верныйдан
B) Омбыдан
C) Семейден
D) Қарқаралыдан
Аягөзде Шоқан суретін салған және басына барған ескерткішті белгілеңіз.
A) Қозы Көрпеш-Баян сұлу мазары
B) Түпқараған бекеті
C) Шарын шатқалы
D) Түп өзені бойындағы қырғыздар моласы
Шоқанның неліктен Қозы Көрпеш-Баян сұлу мазары басына түсе алмағандығын айтыңыз.
A) жол торушылардың көптігінен
B) ауа райының қолайсыздығынан
C) қазақтардың кедергі келтіруінен
D) көлігі жарамағандықтан
«Ыстықкөл күнделігі» зерттеу еңбегі несімен ерекшеленетіндігін табыңыз.
A) мұнда географиялық мәліметтер көп келтірілген
B) қызықты әңгімесімен
C) сапарының сәтті болуымен
D) аңыз-әңгімелер желісінің көптігімен
Саяхатшы Ыстықкөлге қай аймақтың үстімен жүргендігін табыңыз.
A) Алтай
B) Жетісу
C) Тарбағатай
D) Бетпақдала
Саяхатшының айтуынша, Айыр асуында көп кездесетін жануар –
A) жайран
B) киік
C) барыс
D) түлкі
Шоқан осы саяхатында 24 мамыр күні өздеріне кімнің келгенін сипаттап баяндайтынын көрсетіңіз.
A) Мамырхан Рүстемовтің
B) қырғыз манабы Боранбай Бекмұрадовтың
C) беймәлім қырғыздардың
D) балықшылардың
Шоқанның осы сапары қай айда аяқталғанын көрсетіңіз.
A) маусымда
B) шілдеде
C) тамызда
D) қарашада
Шоқан осы сапарында қырғыздың қандай жырын естіп білгендігін табыңыз.
A) «Манас»
B) «Бұғы»
C) «Сарбағыш»
D) «Қалмаққырылған»
1 В)
2 С)
3 В)
4 А)
5 Д)
6 А)
7 С)
8 В)
9 С)
10 А)