Составить план 2014 жылы қысқы олимпиада ойындары Сочи қаласында өтті. Оған Әлемнің 88 елінен ұлттық командалар қатысты. Олимпиаданың ашылу салтанатында барлық ұлттық құрамалар өздерінің спорт киімдерімен ШЫҚТЫ. Қысқы олимпиадаға әлемнің 88 елінен келген шетелдік жаттықтырушылармен қоса, спорт жанкүйерлері Қазақстан құрама командасының спорттық киім үлгісін ең тамаша спорттық киім ретінде бағалады. Қазақстандық спортшыларға арналған спорт киімдерін Алматыдағы «Zibrro» фирмасы дайындады. Киім жиынтығы: Олимпиаданың ашылу салтанатына арналған киім, ҚЫСТЫҚ Және жеңіл күртке, баскиім, бөкебай, қолғап, спорттық жаттығу киімі, спорт шалбары, кроссовка, шұлық, жылы ішкиім, жылы жемпір, спорт сөмкесі және басқа да спорттық киімдерден тұрады. Ұлттық команданың киімін тігу барысында дизайнерлер еліміздің әр аймағындағы ежелгі тарихи ескерткіштердегі жазбалармен танысып шықты. Дизайнерлер ұлттық спорт киімін жасауда сан түрлі көне . петроглифтердің кескінін пайдаланып, ұлттық нақышта тікті. Қазақстан құрама командасының спорттық киіміне барыстың, салт атты адамның және тағы басқа да жануарлардың кескіндері салынды. Бұл кескіндердің барлығы да қазақ халқының өткен тарихын баяндайды.

221451 221451    3   14.12.2021 09:23    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi