СОР ПО КАЗАХСКОМУ тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Кеше, 2 шілдеде (2014 жылы) барлық қазақстандықтар үшін айтулы оқиға - Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ресми ашылу салтанаты өтті. Орталық Азияда баламасы жоқ бірегей жобаның салтанатты ашылуына мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаев қатысты. Көлемі 74 мың шаршы метрден асатын Ұлттық музейге Қазақстанның ерте ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі археологиялық, этнографикалық жәдігерлері мен мәдени ескерткіштері жинақталған.Ұлттық мұражайдың экспозициялық кешендерінде Астана, Тәуелсіз Қазақстан, Алтын, Ежелгі және ортағасыр тарихы, Этнография, Тарих, Заманауи өнер залдары бар. Мұражай халықаралық стандарттарға сай жабдықтармен жарақтандырылған. Экспозициялар үшін заманауи көрме технологиялары: бірегей иілгіш экран, медиа-еден, қазіргі Астананың серпінді макеті, голограммалар, диодты жарығы бар LED-техника, сенсорлы дүңгіршектер, мультимедиялық жолсерік және т.б. қолданылады.
Шетелдік қонақтардың бірі, Джон Симпсон: «Мұражай — мәдениет белгісі, зерттеулер жасау мен білім алу үшін үлкен мүмкіндік берер, халықаралық ынтымақтастыққа үлкен үлес қосар орталық. Мұражай құрылысының дизайны кісі таңқаларлықтай, өте маңызды заманауи ғимарат. Бұдан басқа, көне экспонаттарды мультимедиялық технологиялар арқылы көрсетудің жаңа тәсілдерін қолдану — заманауи жетістік болып табылады деп есептеймін» деді.
Берілген сұрақтарға жауап жазыңыз.
1
2014 жылдың 2 шілдесінде Астанада қандай атаулы оқиға болды?

2
Музейдің ашылуына кім қатысты?

3
Музейде қандай заманауи технологиялар бар?

4
Экспозициялық кешендердің атаулары қандай?

5
Шетелдік қонақтың пікірінше, мұражай қандай орталық?

1.Мәтінге ат қойыңыз.
2.Бір сөйлеммен мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.

гамов666 гамов666    3   03.12.2020 06:22    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi