Сор по каз яз 4 четверть 6 класс
Нужны ответы Оқушының аты-жөні: Сыныбы: Күні:
Бөлім «Абайды оқы,таңырқа», «Қазақ ұлттық қолөнері»
Тапсырма
Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Тілші:
- Шиелілік қыз-келіншектер соңғы кездері жоғалып бара жатқан киіз басу өнерін қайта жаңғыртып, жүннен қолөнер бұйымдарын жасай бастады. Қолдан жасалған бағалы бұйымдар ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесінде туристер назарына ұсынылмақ.
Шетелдік қонақтарды қызықтыратын да осы қолдан жасалған қолөнер бұйымдары. Әсіресе, ұлттық нақышта дайындалған кәдесыйларға деген сұраныс жоғары.
Айжан Бекқұлова, Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы:
- Әрине, тек сыйлық ретінде ғана емес, сондай-ақ тұрмысқа қажетті текемет, қамзол, көйлек, етік, қолғаптардың да сан түрін жасауға болады. Қазір қолдан жасалған экологиялық таза заттарға сұраныс жоғары. Сондықтан да біз Қызылордада туризм саласын дамытуға жұмыс жасап жатырмыз. Әуелі қыз-келіншектерді оқытып, үйретіп алмақпыз. Сонан соң дайын өнімдерді көрмеге қою, сайттарға шығару, сату жұмыстарымен айналысамыз. Маған тренингке қатысып жатқан қыздардың белсенділігі өте ұнады. Барлығының да қызығушылықтары мол, ерекше ынта-жігермен іске кірісіп кетеді. Қазақы дәстүрді жалғастырып, жүннен қолөнер бұйымдарын жасау – өте маңызды кәсіп.
1. Мәтін мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастырыңыз.
Сұрақтар
1.
2.
2. Себеп-салдар жалғаулықтарын пайдаланып, сөйлемді аяқтаңыз.
(себебі,сондықтан,сол себепті, өйткені)
1. Абай-данышпан, .
2. Абай өте зерек,ұғымтал бала болған, .
3. Абайдың «Күз» өлеңінде ауылдың көңілсіз күйі суреттелген .
4. «Қазақтың ұлттық қолөнері» деген тақырыпта 6-7 сөйлемнен тұратын шағын мәтін жазыңыз. Қазақ даласында қолөнер ерте дамыды. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.