Сделайте мәтін
Ахтанов атындағы драма театрдың директоры Нұрлыбек Жұбатқан:
— Драма театрға көрермен тарту — бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Себебі қазіргі көрерменнің талғамы жоғары, оларды арзан, дүмбілез дүниемен алдай алмайсыз.
Шынында, театрға көрермен тартудың бір амалы — оның жарнамасын асыру. Жарнаманың түрі көп. Яғни қойылымның жақсысын асырып, жаманын жасырып, қатырып жарнамаласаң, көрермендер залын лық толтыруға болады. Ал, сөйтіп жинаған халыққа ұсынатын дүниеміз шын мәнінде көруге тұрарлық па, сол жағын ойлау керек. Түкке тұрғысыз бірдеңе болса, онда ол көрерменді театрдан безіндіру деген сөз. Ал енді бір көңілі қалған көрерменді театрға сүйрелеп келтіре алмайсыз. Қаладағы театрлардың залдарын білім ордаларының арқасында толтырып отырғанымызды жасырып қайтеміз. Кейде оқушылар сахнада қойылып жатқан күрделі драмалық шығарманы түсінбей, шулап кетеді. Оларға кінә арта алмайсыз, өздерін қызықтырмайтын нәрсені не қылсын. Ал, мұндай қарым-қатынас сахнада ақ тер, көк тер болып рөлін сомдап жүрген актерлерге оңай ма, олардың да еңбегі — еш, тұзы — сор. Бірақ, амал нешік, бар тапқан көрерменіміз осы.
Алдағы уақытта қолдан келсе, халыққа ештеңені зорлап таңбай, театрға өз ықтиярымен келетін жағдайға қол жеткізуіміз керек деп ойлаймын.
Ендігі біздің мақсатымыз — қалай болғанда да қаладағы зиялы деген, театр өнеріне қызығушылығы бар көрерменді тарту. Ол үшін көрерменнің ойынан шығатын қойылымды ұсынуға тырысу керек. Жақсы дүниеге жұрт бірінен-бірі естіп, шақыртпай-ақ келеді. Бұл мәселенің екінші жағы бар, ондай қойылымды сахналау үшін тәжірибелі кәсіби маман режиссер керек. Ол талантты актерлермен жұмыс істегенді қалайды. Және де жұртқа ұялмай ұсынатындай заманға сай драматургия, жаңаша форма керек. Міне, осылардың бәрі бір жерден табылып жатса ғана көрерменнің ықыласына бөлену, театрды оның екінші үйіне айналдыру түк емес.
Ал Студенттер мен Жастар сарайына жұрт ағылады да жатады. Өйткені онда жұртқа танымал әншілер, топтар көп келеді. Алматы, Астанадан театрлар гастрольге келсе де, театрда ине шаншар орын қалмайды. Бұл бір жағынан театр әртістеріне танымалдылықтың аса қажеттігін көрсетеді, спектакльдері арқылы көрермен көзайымына айналған әртістер сол өнер ордасының беделін жоғарылатады. Мысалы, атағы жер жарған Асанәлі Әшімов, келді десе, өмірінде театрдың есігін ашпағандар да сол кісіні бір көріп қалу үшін келеді ғой. Сондықтан бізге театрдың жақсы имиджін қалыптастыру қажет.

msajkina msajkina    3   04.05.2020 09:32    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi