Сабыр-ақыл серігі эссе жазу

Polybel Polybel    1   29.12.2020 11:17    0

Ответы
ника2761 ника2761  28.01.2021 11:17

Сабыр түбі — сары алтын”, “Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа” деген халық даналығында сабырлылық адамды жамандықтан сақтап, жақсылыққа бастайтын ізгі қасиет ретінде айқындалады. Сабырлылық қажыр-қайратпен ұштасып, ер бойындағы ар, ұждан, ынсап сияқты қасиеттерге негіз болады. Сабырлылық әрбір істің ақырын ниет ақтығына табан тіреп, әділеттілікке сенімін жоғалтпай күтіп, байсалды әрекет жасаудан көрінеді. Сабырлылық өз ісінің ақтығына сенімді, ниет-тілеуі түзу, тағдырдың бір құдайдан екендігіне сенетін, әрбір қиындыққа сынақ ретінде қарап, мойымайтын адамға тән. Сабырлылықтың қажыр-қайратпен оның адам бойындағы бойкүйездік, немқұрайдылық, еріншектік сияқты жаман қасиеттермен ымыраласпайтындығының негізгі белгісі. Себебі аталмыш жаман қасиеттер үмітсіздіктен, торығудан, жасып, жабығудан, тоғышарлықтан туындайды. Сабырлылыққа қарама-қарсы тағы бір ұғым орынсыз ашушаңдық болса, ол адамның ақылға жүгінбей, шолақ ойлар байыпсыздығының, салмақсыздығының көрінісі. Сондықтан да сабырлылық адами кемелдіктің белгісі ретінде ақылды — азық, қайратты — қару, иманды — серік еткен ер бойынан байыптылық, ар-ұят, ынсап ретінде табылатын асыл қасиет

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Мика7477u Мика7477u  28.01.2021 11:17

ответ: "Сабыр түбі сары алтын,сабырлының бәрі алтын" демекші Сабыр бәрін жеңеді тек сабырлы болуы керек.Егер саған біреу боқтап,мазақтап жатырса сабырлық таныт.Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтпақшы бір күні бір екі кісі ұрсып жатыр екен сонда біреуі боқтап,аузына келгенін айтып жатырса біреуі сабырлық танытып отыр екен.Сөйтіп жаңағы аузына келгенін айтып жатырған кезде сабырлық танытып отырған кісіде онымен жағаласып сөйлей кетеді.Сол кезде сол екі кісінің қасында отырған Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) орнынан тұрып кетіп бара жатыр екен сонда екі кісі "Ей,Пайғамбар сен жаңа ғана біздің қасымызда тып-тыныш отыр едің ғой енді не болып қалды кетіп бара жатырсың" десе,Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай депті жаңа екеуің ұрсып жатырғанда біреуің сабырлық танытып отырдыңдар сол кезде мен сол адамның қасына Періште жібердім сол кезде ол кісі сенімен бірге сөйлей кетті сосын мен бұл жерде маған орын жоқ екенін біліп кетіп бара жатырмын депті Пайғарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын).Міне әр адам сабырлы болуы керек.

Объяснение:Вот сама написала

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi