Микеланджело Буонарроти, Микеланджело ди Лодовико ди Леонардо ди Буонарроти Симони – италиялық мүсінші, кескіндемеші, сәулетші әрі ақын. Микеланджело ақсүйек отбасында туған. Кескіндемеші Гирландайо мен мүсінші Бертольдо ди Джованниден (1488 – 90) дәріс алды. Сондай-ақ суретші шығармашылығының кемелденуіне Джотто ди Бондоне (1266/67 – 1337), Донателло (1386 – 1466), Мазаччо (1401 – 1428), Якопо делла Кверча (1374 – 1438) шығармалары мен көне заман пластикасының ықпалы зор болды.
Римде Микеланджело “Вакх” мүсінін (1496 – 97, Флоренция, ұлттық мұражай) жасап, көне заман ескерткіштері қызықтыратынын аңғартты.
1501 ж. Микеланджело Флоренцияға оралып, Медичи озбырлығына қарсы тұрған республика азаматтарының ерлігін бейнелейтін шығармалар жасады. Ол сомдаған Давид мүсіні (1501 – 04, Флоренция, Көркемсурет академиясының галереясы) құдіретті күш, ерлік, жігерлілікті паш етеді. Құлпытасқа арнап Микеланджело Буонарроти бірнеше мүсіндер жасады: “Моисей” , “Көтеріліске шыққан құл” және “Хал үстіндегі құл” .