Сүйіспеншілік дегеніміз не? ​

Шурочек Шурочек    1   22.11.2020 09:09    4

Ответы
Monimix Monimix  22.12.2020 09:11

Менің ойымша сүйіспеншілік айналамызға,жақындарымызға жалпы айтқанда әлемге махаббатпен қару,адамдарға қуаныш сыйлау,қамқорлық жасау.Жүрегі сүйіспеншілікке толы адам ол бақытты жан,себебі, ол жамандықтың не екенін білмейді.Тек жақсы нәрселер ойлап,игі істер жасап,өмірді жақсы жағынан таниды.Жүрегі сүйіспеншілкке толы адам күн секілді.Күннің әлемге шуақ шашып,мейірімін төгетіні бәріне мәлім,сол сияқты жүрегінде сүйіспеншілігі мол адамдарда өмірімізге жарық күн сияқты еніп,жанымызды жылытады,өмірімзге сән береді.

Барлық нәрсенің бастауы сүйіспеншілікте.Мәселен сіз бір істі қолға алып,оған бар сүйіспеншілігіңізді төгіп,ықыласпен істесеңіз сіздің қолыңыздан тамаша дүние шығады.Себебі сүйіспеншілікпен жасалған дүние ешқашанда жаман болмайды.Сүйіспеншілік жақсылықтың,бақытты өмірдің кілті.Егер әлемде сүйіспеншілік,махаббат сияқты сезімдер болмаса не болады?Оны ойлаудың өзі де қорқынышты.Ойлаңызшы,адамдар арасындағы  сезімдер жоғалып,мына дүние тек жамандық пен алауыздықтар болса,өмір сүріп жатқан өміріміз нағыз тозаққа айналар еді.

Бұл әлемді ұстап тұрған сүйіспеншілік,содан-соң махаббат.Себебі сүйіспеншіліктен махаббат туады деп ойлаймын.

Жүрегіңізді жамандыққа емес,сүйіспеншілкке толтырыңыз.Жаныңызға тек жақсы адамдар жинап соларға күн секлді өзіңізді шапағатыңызды ,мейіріміңізді төгіңіз.

Бастысы,жүрегіңіздегі сүйіспеншілікті жоғалтып алмаңыз.Ең маңыздысы сол.Бұл өмір сіз ойлағаннанда әлдеқайда керемет екенін көресіз.Сүйіспеншілік күн сияқты сол күніңізді жоғалтып алмаңыз,әйтпесе сол жарық берер күніңізден қапыда қалып,қараңғыда адасып қалуыңыз мүмкін.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi