Сұрақтарға жауап беріңдер. 1. Айтыс қандай тақырыпқа арналған?
2. Үзіндіде қандай тұлғалар айтылды?
3. Олар туралы не білесіңдер?
4. Екеуінің сөзін жарастырған қандай ой?
Ринат:
Ардақты айбын асқан Алашымнан,
Ақылды азаматтар жаратылған.
Ақ тулы Абылайлар дара тұлғаң,
Бұқар жырау байламды бағыт беріп,
Бірлігімен қазақтың бағы ашылған.
Төле би, Әйтеке мен Қазыбектер,
Ой түйінін қопарған нақ асылдан.
Қабанбай, Бөгенбай мен Наурызбайлар,
Қазақты алып шыққан нақ асылдар.
Асанғазы:
Келеді мен де сырды айта бергім,
Әйтеуір бір ұлы едім байтақ елдің.
Ал, бүгін тәуелсіздік айтысы деп,
Сонан соң жан сырымды айта келдім.
Жәнібек, Қабанбай мен Ақтамберді,
Боранбай, Ырғызбайдың ұрпақтары.
Абай мен Мұхтар болып күллі әлемге,
Тұтанды киелі елдің бір шақпағы.
Ринат:
Бас иіп бақ тіледім бар анаға,
Ардақты асылдарды ана туған.
Қырандай қар боратсам қанатымнан,
Балаң ем, бағыт алған бар асылдан.
Айызын ағайынның қандырайын,
Тұяғы бүтін тұлпардай таң атырған.
Ойы өткір, ордалы елім, аманбасың,
Терең тамыр түркілерден жаратылған.
Асанғазы:
Жібердің полигон мен химияны,
Жоғалған қойдың орны қи-қи әлі.
Сібірдің сары аязы сапарса да,
Рухымен суытпапты сайлы ұяны.
Аман ба кешегі Алаш астанасы,
Бүгінгі Өскеменнің филиалы...