Ұрпақтар атынан алғыс мақала ​

Olegbro364682 Olegbro364682    3   24.04.2020 12:31    1

Ответы
milk051 milk051  13.10.2020 19:56
Отан алдындағы, келешек ұрпақ алдындағы жасаған ерлігіңіз бен батырлығыңызды ескеріп алғыс айту . Уақыт зымырап өтіп жатыр. Уақыт өткен сайын заман өзгеруде, бірақ өткен өмір тарихы мәңгі есте сақталуда. Неше алуан соғыс дүниені дүр сілкіндірді, бірақ екінші дүниежүзілік соғыс, қаншама адамзатын қисапсыз қасіретке ұшыратқан өлімімен мәңгілік есте қалды. Біздің еліміз а басынан өткізбеген зұлматты өткерді. Соғыс арифметикасы - қаралы арифметика. Әрбір секунд сайын бір адам, әрбір минут сайын он адам оққа ұшып жатты. Ал соғыс 1418 күнге созылды. Жеңіс елімізге оңай келген жоқ. Ұлы Жеңіс бабаларымыздың биік патриотизм сезімдері мен рухтарының мықтылығымен келді.   Біздің еліміздің халықтары жасампаз жігерімен, қайтпас қаһармандығымен, берік бірлігімен, жалынды отаншылдығымен ерекшеленіп көрінген Сіздің келешек ұрпақ үшін жасаған ерлігіңіздің ұлылығын әрқашан қастерлеп жадында сақтайды. Сіздер небір ауыр сындарды -  қанқұйлы дұшпанмен жан аямас шайқасты, жауынгер достардан айрылудың азасын, соғыстан кейінгі жанқиярлық еңбектерді қайыспай бастан кештіңіздер. Сонда да сыр бермедіңіздер, Сіз және Сіздің достарыңыз бар ауыртпалықты мойымай арқалап шықты, сондықтан біз өз өмірімізбен сіздерге қарыздармыз, сондықтан да Сіздер қазіргі ұрпақ үшін де, келер ұрпақ үшін де мәңгі өлмес Жеңімпаздар болып қала бересіздер.   Сіздердің алдағы уақытта да ортақ саптан қалмай, ел-жұртпен бірлесіп, халқымыздың достығын, еліміздің бейбітшілігін, Қазақстан  жұртының рухани бірлігін нығайту, жастарға тәрбие беру үшін қоғамда көп іс тындыра алатындарынызға Елбасы кәміл сенім білдіріп отыр. Мемлекет те өз тарапынан Сізді, яғни өз ардагерлерін қолдау үшін қолынан келгенінің бәрін жасап жатқанына сенемін. Сізге мықты денсаулық, отбасынызға береке, басыңызға бақыт тілеймін. Осындай татулығы жарасқан қазақ елінде мәнді де ұзақ ғұмыр кешуіңізге тілектеспін! Біз, қазіргі заман ұрпақтары, дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысын мәңгілік есте сақтауға және де ел бейбітшілігі үшін жанын берген ата-бабаларымыздың рухын мәңгілікке жадымыздан шығармауға ант етеміз!

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi