Райымбек бастауы мәтінін бөліктерге бөліп ат қой Райымбек бастауы

...Райымбек сарбаздары алғашқы күні-ақ
сусыздықтан тарыға бастады. Бүгін- екінші күн.

-Шыдауға тура келеді,- деді Райымбек жігіттеріне. -
Таң атып, жерге жарық түскенде, тағы да су іздейміз.
Тек бір адым шегінбейміз. Егер жер бетінде су жоқ
болса, жер астынан шығарамыз.

Райымбек қатты ойланып отырды да, орнынан атып
тұрды. Қолына сүңгі алып, атқа да мінбей,
Көкойнақты жаяу жетектеп, жүріп кетті. Атты жүре
шалдырып, сайды өрлеп аяңдап келеді. Жерден көз
алмайды. Бір ойпаңдау жерге қарап, кідіріп қалды.
Сол араға келгенде Көкқйнақ та жерден көк тістеп
тұрып оқыранып жіберді. Сол жерден бас көтермей,
көкті иіскеп-иіскеп қояды.
Райымбектің күтіп келе жатқаны да сол еді. Ат қадалған жердің шөбі басқа
шөптей емес, бояуы қанық, қою жасыл, тым балдыр. Бойында судан тартқан
нәрі бары ап-айқын көрінеді.

Райымбек дәл аяғының астына бойлата сүңгі сұқты да, қайта таратып
алды. Жерге құлаш бойы енген сүңгінің ұшына лайлы топырақ жұғылып
шыққанда қуанып кетті. Содан әрі қарай үш қырлы найзаны сол алғаш сұққан
орнына қайталап-қайталап бірнеше рет шаншыды. Түйгіштей сұққылап, қайта
тартып алғанда, сүңгі соңынан атқылап су шықты. Қуанғаннан:

-Су! Су! –деп дауыстап жіберді.

Райымбек пен Көкойнақтың арқасында шөл далада адам да, ат та суға
қанды. Алыс сапардан шаршап, шөлдеп келе жатқан жолаушы болса, өзінің
де, көлігінің де сусынын қандыртатын мөлдір сулы бастауды сол күннен
бастап «Райымбек бастауы» деп атады.

lerafilippovа04 lerafilippovа04    3   22.04.2021 10:09    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi