Подскажите кто сможет?!«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Оқу мақсаттары:
5.3.3.1 фольклорлық және шағын кӛлемді кӛркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау
5.4.2.1 Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу
5.5.1.4 -жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Сәлем, досым Талғат. Саған досың Әлібек хат жазып отыр. Хәлін қалай? Бүгін біз сабақта судың пайдасы мен маңызы туралы көп сөйлестік. Қазір саған білген қызықты ақпараттарды жазғым келеді.
Тірі ағзалардың 60-70 % -ы, ал өсімдік-тердің 90 %-ы судан тұрады.
Жер бетінің 1/3-ін құрлық, ал 2/3-ін су алып жатыр.
Суда көптеген заттар белгілі мөлшерде ериді. Сусыз басқа тамақ өнімдерін дайындап пайдалана алмаймыз. Яғни сусыз бірде-бір тірі ағзалар өмір сүре алмайды. Кейбір сулардың емдік қасиеті болады. Олардың құрамында әр түрлі минералды тұздар болғандықтан, ауруды емдеуге немесе алдын алуға пайдасы бар. Емдік сулардың шығып жатқан жерін арасан деп атайды. Арасан сулардың жер бетіне шығып жатқан жерлерінде Қазақстанның емдік санаторийлі кешендері орналасқан. Олар: Сарыағаш, Алмаарасан, Қапаларасан, Барлықарасан, Жаркентарасан.
Ерте замандарда суға құрмет көрсетумен бірге оған құдайдай сыйынған. Грек мифологиясында су құдайын Посейдон, Римдіктерде Нептун деп атаған. Су туралы түрлі аңыз-әңгімелер қалыптасқан. Олардың ойынша тірі су мен өлі су болады деп сенген.
Досым, Талғат, міне мен сенімен осындай ақпаратпен бөліскім келді. Мен суды үнемде, текке төкпе. Суды ластамайық! Суды таза ұстайық!
Сау бол, көріскенше. Досың Әлібек.
(156 сөз)
1. Мәтін жанры қандай?
А) хабарлама
В) әңгіме
С) хат
D) мақала
[1]
2. Мәтін жанры қандай стильге жатады?
А) көркем-әдеби стиль
В) публицистикалық
С) ауыз-екі сөйлеу стилі
D) ресми стиль
[1]
3.Мәтін тақырыбы не туралы? Неге?
[1]
4. Мәтін идеясы неде? Неліктен?
[1]
Мәтіннен жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін анықтаңыз.
[1]
Жазылым
«Сақтар мемлекетінің патшайымы Тұмардың (Томирис) ерлігі» немесе «Суды үнемдей аламыз ба?» тақырыбына жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін орынды қолданып эссе жазыңыз.
Эссе құрылымын сақтаңыз. (90 -100 сөз).
1. Кіріспе - введение (1-3 сөйлем).
2. Негізгі бөлім - основная часть (8 сөйлем).
3. Қорытынды – итоговая часть (4 сөйлем).
[10]