По данному тексту выполнить 3 задания
Өтініш. Қоштасу. Кешірім сұрау

«Әдепті дегенше, әдемі десейші» деген мәтел қазақ халқының әдеп сақтау тәлім-тәрбиесінің аса үлгілі, тәрбие ісіндегі қалыптасқан ерекше қасиетті тәлімдік дәстүріне айтылған. Ұлтымыздың үлкеннің кіші алдындағы, кішінің үлкен алдындағы, еркектің әйел алдындағы, әйелдің еркек алдындағы сыпайылық көрсетудің тамаша үлгілері өте көп. Осындай тәлімділік дәстүрдің бірі өтіну, кешірім сұрау, қоштасу.
Мысалы, өтініш білдіру сөздері: өтінемін айтып жіберші (-іңізші), қайталашы (-ыңызшы), түсіндірші (-іңізші), берші (беріңізші), әперіп жіберші (жіберіңізші), көрсетші (көрсетіңізші), алып келші (келіңізші), мені күте тұршы (тұрыңызшы), тоқташы (-ңызшы), кіре бер (беріңіз), есікті (терезені) ашшы (ашыңызшы), есікті (терезені) жапшы (жабыңызшы), рұқсат етіңізші, Сізден сұрауға болама екен ? мархабат етіңіз, өтінемін сөзімді бөлмеңізші, сәл тоқтауыңызды өтінемін. т.б. Қоштасу сөздері: Қайта көріскенше! Қайта кездескенше! Кешке дейін сау болып тұрыңыз! Әзірге сау бол (болыңыз)! Жолың (жолыңыз) болсын! Қош бол (-ыңыз), Жақсы демал (-ыңыз)! Хат жазып тұр (-ыңыз)! Аман барып, сау қайтыңыз! Қуанышта кездесейік! Қош-сау болыңыз! Аман-есен болыңыз! Кездескенше күн жақсы! Қуанышта кездесейік! Жолыңыз болсын! Сапарыңыз оң болсын! Кешірім сұрау сөзері: Кешіріңіз! Айыпқа бұйырмаңыз, ренжімеңізші, артық айтсам кешірім өтінемін, ашулана көрмеңізші, көңіліңізге алмаңыз, айтқаныңды орындайын, айтқаныңды екі етпейін, аяғыңа жығылайын, бір ашуыңды берші, тілеуіңді тілейін, оқасы жоқ, ештеңе етпес, қайтер дейсің т.б. Қазақ халқында өтініш білдіру, қоштасу, кешірім сұрау т.б әдептілік сөздері а ң жас ерекшелігіне қарамастан тәртіп, тәрбие жолына үздіксіз әрі үзіліссіз қызмет етіп келеді.

1. Мәтінде берілген өтініш білдіру, кешірім сұрау, қоштасу сөздеріне үш-үштен сөйлем құрыңыз.
2. Берілген тұрақты сөз тіркестері қандай жағдайларға байланысты айтылады /фразеологиялық сөздік бойынша жұмыс жүргізіңіз/.
Аяғына жығылды, жүрегі езілді, көңілі босады, қиылып сұрады, ағынан жарылды, қыдыр жолдасың болсын.
3. Қазақ халқының әдеп әліппесіне жататын қандай сөздерді білесіз ?
Үлгі: Бір адам көп адамға сәлем беруі керек, орынсыз жерде күлмейді, жасы үлкен кісілердің алдын кесіп өтпейді, т.б.

Níkiskastarling28 Níkiskastarling28    2   16.03.2020 07:55    4

Ответы
батуми1 батуми1  23.08.2020 16:30

1.Өтініш

Мені күте тұршы, қазір шығамын. Тоқташы, мен үйді кілттеуді ұмытып кетіппін.Терезені ашшы, таза ауа кірсін.

Қоштасу.

Елге аман-сау жетіңіз, кездескенше күн жақсы болсын! Балам, аман барып, сау қайт, жолың болсын! Барғаннан соң міндетті түрде хат жазып тұр.

Кешірім.

Анашым, артық айтсам кешірім өтінемін, қателесіппін енді қайталамаймын. Ашулана көрмеңізші, өтінемін, барлық айтқаныңды екі етпей орындайтын боламын. Оқасы жоқ, қателігіңді түсінсең болды.

2. Аяғына жығылды, өз кінәсін түсініп, кешірім сұрау. Жүрегі езілді, яғни қатты жаны ашығанда болады. . Көңілі босады-аянышты халін түсінгеннен, аяғаннан, жаны ашығандықтан көңілі босайды. . Ол өзіне қатты ұнағандықтан қиылып сұрайды. Ағынан жарылды, барлық шындықты айтты. Қыдыр жолдасың болсын- жол жүріп бара жатқанда, бір ірі іс бастарда айтылатын батадағы сөз.

3. Қыз балаға қырық үйден тыю. Үлкен тұрып, кіші сөйлемейді.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi