Қазақ тілі пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Оқылым

Тапсырма.Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Отбасы – Отанымыздың ошағы

Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған. Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген

«заңдары» әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың, қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым-қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті. Егер жапон халқы басқалар үшін тұйық халық болса, онда ағылшын халқы басқаларды қойып, өз ішінде тұйық халық. Олардың отбасындағы әр адам жеке өмірінің құпия болғанын қалайды. Бір сөзбен айтсақ, ағылшындықтардың жаны - өз үйінен де жақын, яғни берік қамалмен тең. Басқа халықтар үшін жанұя қиыншылық пен қуанышты бірге бөлісетін ең басты байлық болса, ағылшын халқы қиыншылық кезінде жақындарынан көмек күте қоймайды. Тіпті жақындарына көмек көрсетуді өз жауапкершіліктеріне алмайды.

1. Мәтінде неше елдің тәрбиесі туралы мәлімет бар?

A) 1

B) 2

C) 3

D) 4​

ZSkeletZ ZSkeletZ    1   03.11.2020 17:56    4

Ответы
sirzikova sirzikova  03.12.2020 17:57
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi