перевести текст с казахского на русский Ай мен Күн Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі сұлу қызы болыпты. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған айсұлуға: «Мен сенен де сұлумын!» ді. Ал Айсұлу болса: «Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын!" - деп таласады. Ақыр аяғында қатты ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлудың тырнағының ізі Айсұлудың бетінде өшпестей болып қалады. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана далаға шығады. Ал өз қылығынан қатты ұялған Күнсұлу түн болғанда бұғып жатады екен, Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу бірін-бірі көрмейді екен.