Переведите
енисей өзенінің бойынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны туралы алғашқы хабарды н.к. видзен, с. у. ремезев айтқан. сондай-ақ сібірде айдауда жүрген швед офицері и. т. страленберг пен немістің белгілі ғалымы д. г. мессершмид те ақпарат берген. олар құпия жазулар туралы деректерді xviii ғасырдың бас кезіне жазған мақалалары мен хаттарында келтірген. бұл жазулардың құпиясы бір жарым ғасырға жуық ашылмады. ғалымдар қанша үңілсе деб оның әліпбилік негізінтаба алмады. сондықтан алғашқыда олар "руна (белгісіз) жазу" деп аталды. алайды ғылыми херттеулер олардың түркі жазулары екенін анықтады.
1893 жылғы қарашада дания корольдігі ғылым академиясыны мәжілісінде вильгельм томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. ғалым ұзақ зерттеп, зерделеп, орхон мен енисей өзендірген бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін тапқанын хабарлады. ғалым ең алдымен "тәңір" және "түрік" сөздерін оқыған еді.
дәл осы кезде академик в. в. радлов та өз бетінше ізденіп, руна жауздың он беске жуық әрпін анықтаған еді. арада көп уақыт өтпей, в.в. радлов орхон өзенінің бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, аударып шықты. кейін орыс түркітанушылары көп зерттеді л. н. гумилев орхон жазба ескерткіштерін "көк түріктердің өздері туралы жазған шежіресі" деп бағалады.

SweetDreamsOfMade SweetDreamsOfMade    1   04.09.2019 12:04    43

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi