ответить (Написать букву) на тестовые вопросы. 1. Құжаттың «Бекітемін» деректемесі қандай құжаттарға қойылады?
А) ұйымдастыру-құқықтық құжаттарға;
Б) тек қана бекітілуге жататын құжаттарға;
В)қызметтік хат бланкісінде жасалған құжаттарға;
Г) жалпы бланкіде жасалған құжаттарға;
Д) анықтамаға;
2. Құжатқа «Қол жеткізуді шектеу» белгісі құжаттың қай жеріне қойылады?
А) құжаттың соңғы бетіне;
Б) адресат пен құжатты бекіту грифі деректемелерің жоғарғы жағына, сол жақ бұрышына;
В) мәтін деректемесінен кейін;
Г) адресат пен құжатты бекіту грифі деректемелерің жоғарғы жағына, оң жақ бұрышына;
Д) құжаттың екінші бетіне қойылады;
3. Қазақстан Республикасының елтаңбасы қандай құжаттарға сәйкес бланкіде орналасады?
а) ұйымның Жарғысына сәйкес орналасады;
б) ұйымның ережесіне сәйкес орналасады;
в) ҚР мемлекеттік рәміздері туралы заңнамасына сәйкес;
г) ҚР мемлекеттік Қазақстан Республикасы тілдер заңнамасына сәйкес;
д) қызметтік екінші бетіне қойылады;
4. Ұйым басшының «Бұрыштама» деректемесі құжаттың қай жеріне қойылады?
а) құжаттың кез келген жеріне;
б) адресат пен құжатты бекіту грифі деректемелерінің жоғарғы жағына;
в) бірінші беттің бос орнына;
г) құжаттың бірінші бетінің оң жақ жоғарғы бұрышында;
д) құжаттың төменгі оң жағында;
5. Мәтін тақырыбы қандай болу керек?
а) бірнеше сөйлемдерден;
б) қысқа және сыйымды;
в) күрделі түрде;
г) бір ғана сөзден;
д) бір ғана сөйлемнен;
6. Құжатқа қанша адресат жазуға болады?
а) алты адресат;
б) төрт адресаттан аспауы керек;
в) сегіз адресаттан аспауы керек;
г) бес адресаттан аспауы керек;
д) 10 адресаттан тұрады;
7. Қызметтік құжаттар қағаздың қандай форматында орындалады?
а) А 2 форматты;
б) А 7 форматты;
в) А 5 форматты;
г) А 4 форматты;
д) А 3 форматты;
8. Хаттама қандай құжаттар тобына жатады?
а) ұйымдық құжаттар;
б) құрылтай құжаттар;
в) ақпараттық-анықтамалық құжаттар;
г) басқару құжаты;
д) еңбек қатынастарын құжаттау;
9. Орындаушы туралы белгіге кіреді:
А) фамилиясы;
Б) телефон номері;
В) қолы;
Г) фамилиясы, аты, телефон номері;
Д) басшының фамилиясы;
10. А 4 форматындағы құжатта елтаңба қай жерде орналасады?
А) сол жағында;
Б) оң жағында;
В) екі тілде жазылған мекеме атауының ортасында;
Г) екі тілде жазылған мекеме атауының жоғарғы жағында;
Д) екі тілде жазылған мекеме атауының төменгі жағында;