Енер-білім бар нұрттар Тастан сарай салғызды.
Ашыл алыс жерлерден
Кезіңді ашып-ұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоң күр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды,
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді.
Отынсыз тамақ пісірді.
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі-дағы анықтай,
Білмегенде танықтай
Біз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай
AT oHepi binibec
Бәйгеге түсіп, жарыспай
Желкілдеп шыққан кок шөптей,
Жасөспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай
Біз надан боп өсірдік
иектегі сақалды.
«Онер - жігіт көркі», - деп
Ескермедін мақалды,
Біз болмасақ, - сіз барсыз, ,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды.
(Ы. Алтынсарин) 5 сұрақ қою