Орфографиялық принцип 5 сөз. Марфологиялық принцип 5 сөз фонетикалық принцип 5 сөз до завтра

Серёжа331 Серёжа331    1   10.09.2021 00:08    0

Ответы
Румия2403 Румия2403  10.09.2021 01:00

Көптеген тілдердің емле заңдарына көбінесе үш-төрт түрлі принцип негіз болады. Олар: фонематикалық, фонетикалық, морфологиялық, тарихи-дәстүрлік т.б. принциптер.

Морфологиялық принципбойынша сөз бөлшектерінің түбір тұлғалары сақталып жазылады. Фонематикалық принципке дыбыстардың бір сөз ішіндегі немесе сөз аралықтарындағы бір-біріне тигізетін әсерлері ескерілмей, негізгі фонемалық түрі (мәні) сақталып жазылуы жатады.

 Фонетикалық принцип бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгеріске ұшырауы есепке алынып, олар айтылуынша (естілуінше) жазылады. 

Тарихи-дәстүрлік принцип бойынша жазу сөз бөлшектерінің түбір тұлғасын сақтау ережесіне де, естілуінше жазу ережесіне де сай келмейді, мұнда сөздердің бір кездегі қалыптасып, үйреншікті болып кеткен жазылу түрі сақталады.

Белгілі бір тілдердің орфографиясында бұлардың біреуі не екеуі негізгі, басым принцип болады. Сонымен қатар осы тілде емле принциптерінің қалған түрлері де орын ала алады.

Қазақ орфографиясының негізі морфологиялық-фонематикалық және фонетикалық принциптерге сүйенеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi