Cоставте диалог на казахском языке на тему поход в столоовую

Поповодутогочтобы Поповодутогочтобы    2   18.03.2019 21:30    1

Ответы
mujgan04 mujgan04  26.05.2020 01:16

«Асханада» тақырыбына диалог құрастыру.

Кенжебек: Дене шынықтыру сабағының бірінші болғаны қиын, ия?

Мейіржан: Айтпа, таңертең оятқышымды (будильник) естімей, ұйықтап қалып едім. Сол себептен таңғы асымды да ішуге уақытым болмай, енді біраз жүгіріп, қимылдаған соң қарным ашып барады.

Кенжебек: Жүр, онда асханаға барып жүрек жалғап алайық.  

Мейіржан: Бармасақ, болмас ...

Кенжебек: Ал мен бүгін керісінше ерте оянып, анамның дайындаған таңғы асын ішіп, үйден тойып шыққанмын. Дегенмен, саған серік болып, тәтті тоқашпен шай ішіп алайын. Ал сен не аласың?

Мейіржан: Қарным ашқаны соншалық, асханадағы тамақтарды көріп, көзімнің тоймай тұрғаны... Бірақ, нан қосып, ботқа (каша) жегенім жөн болар.

Кенжебек: Апай, бізге екі шай, бір тілім нан, тәтті тоқаш және сұлы ботқасын беріңізші.

Асханадағы апай: мінекей, балалар, ас болсын! Барлығы 500 теңге болды.

Мейіржан: Рахмет, апай!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi