Алмасбек : Аспандияр , сен Қазақстандағы көне қалалар жайлы естуің бар ма ? Аспандияр : Ия , достым , кезінде Ұлы Жібек жолының бойында Түркістан , Тараз , Отырар секілді қалалар орналасқан болатын . Жай сұрадың ба ? Алмасбек : Мен оқушылар сарайында « өлкетану » үйірмесіне қатысушы едім ғой , есіңде ме ? Сол үйірменің жетекшісі мен қатысушыларымен бірге келер демалыста « Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстанның көне қалалары » атты үш күндік сапарға аттанамыз . Аспандияр : Қандай керемет ! Әттең , мен де сол үйірмеге қатыспаппым , әйтпегенде менің де бұл сапарға аттанғым келетін еді . Тарихи деректерге толы , маңызды сапар болатын сияқты . Алмасбек : Ия , мен де солай ойлаймын . Сондықтан қазірден кішкене болса да дайындалып , қосымша мәлімет жинап жүрмін .
вот)