Написать сочинение на казахском языке на тему " казак зергерлiк онер"

Keenio Keenio    3   20.08.2019 15:40    0

Ответы
Тлопап Тлопап  31.08.2020 18:48
Қазақтың зергерлік өнері – тамырын тереңнен алатын дәстүрлі мәдениеттің көрікті және көрнекті саласы. Зергер болу киелі де қасиетті өнер ретінде саналған. Сондықтан да болар ел ішінде: «Зердің жайын зергер білер, Аңның жайын мерген білер», – деп босқа айтпаса керек-ті. Оған біріншіден, табиғаттан дарыған тума талант керек болса, екіншіден, ол – атадан балаға немесе ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын тылсым сыры бар, халықтың тарихымен, салт-дәстүрімен байып отыратын қастерлі кәсіп. Сақина – қыз-келіншектердің саусағына тағылатын зергерлік бұйым. Сақинаның жасалуы жүзікке қарағанда оңай. Салт-дәстүрімізде де жүзіктің алатын орны ерекше.Әшекей бұйымдары арқылы әр халықтың өзіндік сыр-сипаты, өнерге деген көзқарасы, ұлттық тағылымы мен қоршаған ортаға деген ұғым түсінігі байқалып тұрады. Біздің қол шеберлеріміздің жасаған бұйымдары дүниежүзінің әр түрлі көрмелеріне қатысып, жақсы бағаланып келеді
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi