Білім алушылар екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды. Құрамы 120-150 сөзден тұратын жазба жұмысын орындау керек. 1. Қазақ халқы ерте заманнан-ақ табиғатқа етене жақын өскендіктен ауа райын сол табиғат құбылыстарына қарап болжағаны белгілі. Ата-бабаларымыздың ауа райы жайындағы қандай жорамалдарын білесіз? Мәтін жазыңыз (120-150 сөз көлемінде).

2. «Туған жерге саяхат» тақырыбында әр оқушы өзі туып өскен мекені туралы сипаттамалық эссе жазады. (120-150 сөз көлемінде)

Lena2402bux Lena2402bux    3   14.05.2021 15:55    7

Ответы
slavaapakinp00lrn slavaapakinp00lrn  14.05.2021 16:00

Көшпелі халықтар ауа райын табиғат құбылыстарына, жан-жануарлар мен құстардың тыныс-тіршілігіне қарап болжаған. Мұндай болжамдарды көне көз қарияларымыз әлі де айтып келеді.Ауа райын күн құлақтанып батса, ауа райы оңалуға тиіс.Күн құлақтанып шықса, ауа райы суытып, жауын-шашын болуға тиіс.Күн қораланса, қар қалың түседі.Күн көзін бұлт шалса, қыс қарлы, жаз жаңбырлы болады.Күн батарда көк жиек ашық болып, қызыл шапақ шашса, ауа-райы жылынады.Күн көзі мұнартып шықса, ыстық көтеріледі.Күн қызыл шапаққа оранып батса, ертеңінде ыстық болады.Ай қораланса, қыс қатты болады.Ай шалқалап туса, ауарайы мал-жанға жайсыз болады.Ай мен Үркер тоғыс кезінде бір-біріне алшақ болса, ауа райы мал-жанға жайсыз болады т.б. деп болжаған екен.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi