Написать эссе на тему Наурыз мейрамының бастарқаны. ​

nOMOSHHuK nOMOSHHuK    3   31.03.2021 12:16    0

Ответы
diana25251 diana25251  30.04.2021 12:20

Алдымен қымыз, шұбат, айран болғаны құба-құп. Бауырсақ пен тоқаш, нан, құрт дастарханыңыздан табылуы тиіс. Бауырсақ пісірудің оңай жолын мына жерден көре аласыз.  

Дастарханның сәні – ет. Етті пісіру, оны әдемілеп кесу – үлкен өнер. Еттің нанын жаю да екінің бірінің қолынан келе бермейді.  

Мейрамның басты, маңызды асы – Наурыз көже. 22 наурыз мерекесіне ғана тән, көпшілікке арналған тағамды әр үй жеті дәмнен жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы ет мүшелерін қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көже дайындау тәсілін мына видеодан көре аласыздар.  

Тәтті шаймен бірге ішетін тәтті тағам да пісіргеніңіз жөн.  

Наурыз мейрамында есігіңіз ашық, дастарханыңыз дәмге толы болып тұруы тиіс. Өйткені бұл күні берекелі шаңыраққа бақыт қонады. Наурыз құтты болсын!

Объяснение:

мине егер коп болса жартысын жазуга болады

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
OLZHAS1808 OLZHAS1808  30.04.2021 12:20

Наурыз мейрамының дастарханы.

Наурыз мерекесі күн мен түннің теңесер сәт. Қазақ халқы осы мерекеге арнап жеті түрлі дәмнен көже пісереді. Ол Наурыз көже деп аталады. қысқы соғымның соңғы дәмді жерлерінен ас асады. дастарханға қаймақ, жент, балқаймақ, ірімшік, құрт, қазы, қарта қойылады. бауырақ пісіреді.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi