Мамандық неден басталады?​

PlayGirl1999 PlayGirl1999    2   11.01.2021 14:30    1

Ответы
aygun256 aygun256  10.02.2021 14:32
Мектепке барасың. Дипломмен универге түсесің. Сосын мамандық таңдай бер
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Taugan2015 Taugan2015  10.02.2021 14:32

Қазіргі мамандықтар, менің ойымша, табысы көп, табысы аз болып бөлінетін сияқты. Ата - ана баласын сол айлығы көп мамандыққа қарай бейімдейді. Сосын офисте отыратын, таза киініп жүретін. Енді бір айтар ауызға, естір құлаққа ұят таңдау түрі бар. Ол – дәл қазіргі сәтте тумаласы, жақын - жуығы, таныс - тамыры басшылық орында жүрген сала. Жоғары оқу орнын бітіріп келген жас маман сол адамның көлеңкесін паналайды. Соған осы күннен дайындала бастайды. Сонда тек ата - ана емес, баланың өзі де мектеп бітірмей жатып, биік мансап, жоғары лауазым, мол ақшаны көздейді (бәрі емес, әрине). Біз ұрпағымызды осы бір үлкен қателіктен арашалауымыз керек. Жастардың санасына кез келген мамандықтың адам жанына сыйлар мол ләззаты, қуанышы мен ризығы болатындығын сіңіруіміз керек. Тек оны жақсы көріп, жан - тәніңді салып еңбектене біл.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi