МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ОҚЫЛЫМ 5-тапсырма. Мәтінді оқы. Аяулы әкетайым, мен сіздің жүзіңізден шексіз махаббат көрдім, сізге ерекше еркеледім. Сізді мақтан етемін, құрметтеймін. Менде өзіңізге деген сенім қа- лыптасты. Сізден жауапкершілікті үйрендім. Бізді: «Үлкендерге сәлем беріңдер», «Қолында ауыр заты болса, көмектесіңдер», «Өтірік айтпаңдар!», «Ұрлық жасамаңдар!», «Намысты болыңдар!», «Қиындыққа шыдаңдар!» «Жасырын, жаман істен аулақ болыңдар!» деп, тәрбиеледіңіз. Сізді қатты сағындым, аяулы әкем!