Мәтіндерді оқып, талдау жасап, кестені толтырыңыз.[7] 1-мәтін
«Елорда», «Нұр-Сұлтан» – мадақ етіп, жырға қосарлық шынайы тақырып. Сарыарқаның төрінде сән-салтанаты жарасқан әсем қала бой түзеді. Біздің ел жаңа ғасырға осындай ауыз толтырып айтарлық ерлікпен енді. Тәуекел – ердің қадамы. Астананы көшіру туралы сөз қозғалғанда,көптің көңілінде күмәннің болғаны шындық. Алайда алғашқы керуен Ақмолаға бет түзеді. Ақмола атауының өзгеруімен өңірге жаңа леп келді. Зәулім ғимараттар салынды, Елордаға сән кірді, әлем тамсана қарады.
Нұр-Сұлтан – болашақтың қаласы. Ол – өнер,білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасы. Ол – саяси, әлеуметтік, қоғамдық диалог, іскерлік пен озат жетістіктер алаңы. Сәулетті кешендердің келбеті сан алуан. Ұлттық ұстаным мен бүгінгі заман өрнектерін астастырған – Ақорда, өмір ағашы – «Бәйтерек», «Астана-Арена» спорт кешені мен «Хан Шатыр», Тәуелсіздік сарайы мен «Конгресс Холл» – барлығы да бірін-бірі қайталамайтын туындылар. Атақты тұлғалар мен қайраткерлердің ескерткіштері бас қаланың сәнін арттыра түседі. Зиялылық пен мәдениеттің рухын асқақтатып тұрған Нұр-Сұлтан – арман мен қиял әлемі. Тұңғыш Елбасы: «Бұл – ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған халқы бар әсем де мейірлі Бас қаламыз – Нұр-Сұлтан», – деген еді.
2-мәтін
– Сәлем,Жібек, сен Нұр-Сұлтан қаласында болдың ба?
– Сәлем. Жоқ, бірақ барғым келеді. Мен Нұр-Сұлтан қаласындағы мәдениет орындары мен көрікті жерлерді белгілеп қойдым.
– Імм, керемет екен! Қай жерлерге бармақсың?
– Алдымен, «Астана Опера» театрына, Пирамидаға, Ұлттық мұражайға барамын.
– Қойш, ол жерлерде қандай қызық бар? Киноға, ойын орындарына барған дұрыс қой.
– Ақгүл, мен мәдени-тарихи жерлерді аралап, білімімді жетілдіремін, ойын орталықтарына да баратын уақыт табылады.
– Иә, сенің айтуың орынды. Мен оны ойламаппын. Егер білімді болсақ, елімізге пайдамыз тиеді. Солай емес пе, құрбым?
– Әрине, дұрыс айтасың. Қазір білімімізді жетілдіру бағытында ізденбесек, кейін кеш болып, бармағымыздыды тістеп қаламыз. Оқудың маңыздылығын түсінгеніңе қуаныштымын. Жарайсың, Ақгүл!
Жібектің сөздері Ақгүлге үлкен ой салғандай болды. Ол бір сәт үнсіз қалды.

Мәтіндер Тақырыбы Мазмұны Стилі Жанры Құрылымы Тілдік ерекшеліктері
1-мәтін

2-мәтін

сусанна27 сусанна27    3   25.12.2020 12:13    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi