Мәтінді талапқа сай көшіріп жазып, төмендегі тапсырмаларды орында.
Ақбауыр
Бұл - өте сүйкімді кірпі. Денесінің бәрі
қарасұр. Бауыры ғана ақшыл. Жаз кезі
болатын. Аулада інім екеуміз отыр едік.
Бір нәрсе қыбырлағандай болды.
Қарасам кірпінің сүп-сүйкімді баласы
екен. Оны үйге әкеліп тамақ бердім.
Қағаздан қорапшадан үй жасадым.
Қорапшаның жанын тесіп, есік ойып
қойдым. Көзі мөлдіреп тұрады. Бауыры
аппақ болғандықтан Ақбауыр деп
атадым. Өзі өте ақылды, әрі ұқыпты. Ақбауыр үйге тез үйреніп алды.
1. Мәтіннің қай түрі екенін анықта.
2. Сын есімдерді теріп жаз.
3. Соңғы сөйлемнен бастауыш пен
баяндауыштың астын сыз.
4. Кірпі сөзін тәуелдеп жаз.​

KopiYT KopiYT    3   26.03.2021 14:50    1

Ответы
maxxx1114 maxxx1114  25.04.2021 14:56

1.Мәтіннің түрі Әңгіме.

2.Сын есімдер: қарасұр, сүйкімді, ақшыл,мөлдіреп,аппақ,ақылды, ақбауыр.

3. Ақбауыр бастауыш, үйреніп алды баяндауыш.

4.Менің кірпім, Сенің кірпің, Сіздің кірпіңіз, оның кірпісі.

Біздің кірпіміз, Сендердің кірпілерің, Сіздердің кірпілеріңіз, Олардың кірпісі.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi