Қоршаған ортаның тазалығы менің түсінігім бойынша барлық адамзаттың міндеті деп ойлаймын. Таза ұстау қазіргі таңда экологияны яғни, қоршаған ортаны қорғау ең басты мәселе болып отыр. Қоршаған ортаны ластауға, зиян келтіруге жол бермеу керек. Жануарларға, өсімдіктерге қиянат жасамауымыз керек. Жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау, сақтау әр адамзаттың міндеті деп ойлаймын. Өз денсаулығымызды сақтау үшін қоршаған ортаға жақсы әсер беруіміз керек. Ауаның ластануымен күресу, суды және ауыз суды ластанудан қорғау керек. Біз адамдар барлық сүйіспеншілікті, қайырымдылықты, әсемдікті табиғаттан үйренеміз. Біз де табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарауымыз керек. Қазіргі біз өмір сүріп жатқан әлем қоқыстың құрсауында қалып отыр деуге де болады. Өйткені шірімейтін тұрмыстық қалдықтардан зардап шегеміз. Қанша ғасыр өтсе де, еш бұзылмайтын пластикалық бөтелке, полиэтилен қалталардың залалы климатты өзгертуге дейін ықпал етіп отыр. Біз көбіне полиэтилен пакеттерді, пластикалық ыдыстарды көп қолданамыз. Ыдыс, пакеттер жылдам жарамсыз болып қалады. Осындай қоқыстарға көміліп қалмаудың жолы – табиғи өнімдерден жасалған заттарды адамдар қолданса деймін. Менің ойымша, әр адам өз жүрген жеріне көңіл бөліп, тазалық сақтап жүрсе, біздің денсаулығымыз да жақсарады. Денсаулық – баға жетпес асыл зат. Сол себепті денсаулығымызды ерте жастан барынша күтейік, достар!

1882 1882    1   18.10.2021 10:08    0

Ответы
костелои костелои  18.10.2021 10:10

這是什麼課?看不懂請告訴我pzhpzhpzhpzhppzh

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi