Мәтінді түсініп оқы. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бер. Археологиялық деректемелер неолит заманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене
бастағанын байқатады.
Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мiнiс малы: түйе, жылқы, құлан, қашыр,
есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір келік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы
оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды. Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы,
орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды. Жегін малы арба, күйме, шана
сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай көлік
түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонда, т.б. жерлерде біздің заманымыздан бұрынғы 3-
мыңжылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді.
Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк
арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды.
Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқы мен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге
және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы
сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде
негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді халықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік
болды.
Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы
да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобиль,
пойыз, ұшақтар ығыстыра бастады.
Қай ақпарат мәтінге сәйкес ?
1.Археологиялық деректемелер көліктің неолит заманынан да арғы заманда пайдалана бастағанын
байқатады.
2.Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мiнiс малы: түйе, жылқы, құлан, сиыр,
бұғы, ит жатады.
екеуі де бұрыс
тек екіншісі дұрыс
екеуі де дұрыс
тек біріншісі дұрыс
Алға -​


Мәтінді түсініп оқы. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бер. Археологиялық деректемелер неолит з

КатаринаВаулина КатаринаВаулина    2   16.03.2021 12:17    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi