Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Қазақстанның температурасы 1936 жылмен салыстырғанда 2005 жылы біршама жоғарылаған. Ғалымдар «күн осылай жылына берсе, ХХІ ғасырдың ортасында орташа температура 6 градусқа көтерілуі мүмкін» деп жорамалдайды. Бұл жорамал шындыққа айналса, Қазақстан үшін үлкен апат болады. Мұздықтардың азаюы таулы өзендердің ағысына әсер етіп, су қорының тартылуына әкеліп отыр. Соның салдарынан еліміз Қырғызстан, Өзбекстан, Қытайға тәуелді болып отыр. Полюстегі, экватордағы температураның әр түрлі болуына байланысты әлемде ауа алмасуы жүреді. Сондықтан кей жерде тропикалық жауын жауады.
Қазақстанның климаты мен табиғаты әр алуан. Еліміздің ауыл шаруашылығы, энергетика, су ресурстары, метрологиялық болжамдарға байланысты. Уақытында айтылған болжам арқылы, апаттардың алдын алуға болады.
Выпишите прилагательные