Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңызтілші: шиелілік қыз-келіншектер соңғы кездері жоғалып бара жатқан киіз басу өнерін қайта жаңғыртып,жүннен қолөнер бұйымдарын жасай бастады. қолдан жасалған бағалы бұйымдар экспо -2017халықаралық көрмесінде туристер назарына ұсынылмақ.шетелдік қонақтарды қызықтыратын да осы қолдан жасалған қолөнер бұйымдары. әсіресе,ұлттық нақышта дайындалған кәдесыйларға деген сұраныс жоғары.айжан бекқұлова, қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы: - әрине, тек сыйлық ретінде ғана емес, сондай-ақ тұрмысқа қажетті текемет, қамзол, көйлек, етік,қолғаптардың да сан түрін жасауға болады. қазір қолдан жасалған экологиялық таза заттарғасұраныс жоғары. сондықтан да біз қызылордада туризм саласын ға жұмыс жасап жатырмыз.әуелі қыз-келіншектерді оқытып, үйретіп алмақпыз. сонан соң дайын өнімдерді көрмеге қою,сайттарға шығару, сату жұмыстарымен айналысамыз. маған тренингке қатысып жатқан қыздардыңбелсенділігі өте ұнады. барлығының да қызығушылықтары мол, ерекше ынта-жігермен іске кірісіпкетеді. қазақы дәстүрді жалғастырып, жүннен қолөнер бұйымдарын жасау – өте маңызды кәсіп.1-тапсырма. мәтін мазмұны бойынша 2 негізгі,2 жанама ақпаратты анықтаңыз.1.| 2.2-тапсырма. мәтіндегі айтылған негізгі ойды өмірмен байланыстырып 1 сөйлем құрап жазыңыз.