Мәтінді оқыңдар Ұзындығы 12 мың шақырым болатын Ұлы Жібек жолының сауда керуендерінің бір бағыты Қазақстанның
оңтүстік аумағы арқылы өткен.
Керуендер өтетін шаң басқан жолдар арқылы қымбат маталар, асыл тастар, алтын мен күмістен жасалған
заттар, экзотикалық жануарлар тасымалданды. Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып,
қалалардың тіпті жаңа мемлекеттердің пайда болуына өзіндік септігін тигізген. Талай тарихи орындардың
әлемге танылуына әсер болған, теңдесі жоқ сауда маршруты. Оны сауда жолы ғана емес, екі алпауыт
цивилизация арасындағы мәдени экономикалық көпір деп айтуға толық негіз бар. Жібек жолының тарихы
біздің заманымызға дейін 138 жылдан бастау алады. Сол жылы
Қытай императоры Батыс жаққа сауда
жасайтын серіктестерді іздеу үшін арнайы дипломатиялық керуенді жіберген болатын. Оған қатысқандар
Кытайдан Орталық Азияға тікелей жүріп өткен.
Тапсырма: Мәтін бойынша үш сұрақ құрастырыңдар ​


Мәтінді оқыңдар Ұзындығы 12 мың шақырым болатын Ұлы Жібек жолының сауда керуендерінің бір бағыты Қаз

sjsdbj sjsdbj    3   15.03.2021 12:37    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi