Мәтінді мұқият окып, тапсырмаларды орындаңыз.
Әлия табанды және алған бетінен қайтпайтын қыз болды. Ол
снайперлік мектепті үздік аяқтаған кезде, оған эфрейтор атағы берілді.
1943 жылдың тамыз айының басында снайпер қыздар солтүстік-батыс
майданға келіп, әскери бөлімшелердің бірінде қызметтерін жалғастырды.
Осылайша, олар нағыз жауынгерлік жұмыстарына кірісуі керек болды.
Келесі күні таңертең штаб басшысы снайперлерді жаудың алдыңғы
қорғаныс майданына алып келгенде Әлия батпақты, бұталы аймақты көреді.
Әлия жаудың қорғаныс майданына қобалжумен және ынталы зейінмен қарай
отырып, өз позициясын таңдай бастайды.
Жасырынып бүркемеленген Әлия таң атқанда таңдалған атыс орнына
жер бауырлап жетеді. Осылай, жауды бақылай бастайды. Бірақ, лайықты
нысана таппай, көңілі түсіп өзін кінәлі сезінеді.
Дегенмен, екінші күн сәтті болды. Ол түнделете бейтарап аймаққа еніп,
қираған неміс танкіне кіріп алады. Бір кезде, таң атарда судың
шалпылдағанын құлағы шалып қалады. Қараса өзеннің жағасында қарқылдап
күлік отырған екі неміс әскері тұр екен. Сонда Әлия шүріппені ақырын басып
тұрып бір немісті жерге құлатып түсіреді.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Мәтіннің тақырыбы қандай?
2. Мәтіннің кейіпкері кім?

3. Ұлы Отан Соғысына қатысқан қандай қазақстандық батырларды
білесіз?
4. Олардың ерлігі туралы не айтар едіңіз полный ответ

VeZun4ik VeZun4ik    1   04.05.2020 08:33    9

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi