Есек пен бұлбұл поэтикалық талдау жасау

ntkytik ntkytik    2   15.12.2020 14:57    3

Ответы
Anne413 Anne413  14.01.2021 14:57

Есек пен Бұлбұл - Абайдың 1898 ж. И. А. Крыловтан аударған мысал өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 7 шумақтан тұрады, көлемі 28 жол. Түпнұсқаның мазмұны аудармада дәл берілген. Соған қарамастан, Абайдың мысал өлеңіңде тыңнан қосылған, не болмаса алынып тасталған жолдар бар. Орыс ақынының туындысында есек бұлбұлды көріп: «Достым, тындашы.  Орыс ақынының туындысында есек бұлбұлды көріп: «Достым, тындашы. Жұрттың бәрі «сені» керемет әнші», - деп мақтайды. - Мен сенің әніңді тыңдап, сенің шын шебер әнші екендігіне көз жеткізгім келеді», - дейді. Абай есекті бұлбұлға бірден кезіктірмей, алдымен есектің жай-күйінен хабар береді. Бұлбұл әнін орыс ақыны 12 жолмен суреттесе, Абай оны 8 жолмен-ақ дәл жеткізеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi