Мәтінді мұқият оқыңыз. Тірек сөздерді пайдаланып, тақырыпқа байланысты көтерілген мәселені анықтаңыз. Мәтіннің мазмұнына өз ойыңызды білдіріңіз. Төрт ана

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға. Әр адамда өз анасынан басқа да, Ғұмырына етер мәңгі астана, Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада, Болу керек құдіретті төрт ана: ТУҒАН ЖЕРІ – түп қазығы, айбыны, ТУҒАН ТІЛІ – мәңгі өнеге айдыны, ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРІ – тірегі, Қадамына шуақ шашар үнемі, Және ТУҒАН ТАРИХЫ, Еске алуға қаншама Ауыр әрі қасіретті болса да. Құдірет жоқ төрт анаға тең келер, Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер. Өзге ананың ұлылығын танымас, Төрт анасын менсінбеген пенделер. Төрт анадан сенім таба алмаған Тамырсыздың басы қайда қалмаған?! Төрт анасын сыйламаған халықтың Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған. Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы, Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!

saveliy8 saveliy8    2   18.10.2020 11:26    9

Ответы
Ulia209 Ulia209  17.11.2020 11:28

Объяснение:

мәселе ана тураь

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
katrin7878 katrin7878  17.11.2020 11:28

Бұл жерде автор Төрт ананы құрметтеу керек екенін айтып жатыр.

Оның біреуі туған жері адам өз туған жері жақсы көруі тиіс

Екіншісі туған тілі адам өз тілін құрметтеуі керек.

Үшіншісі салт дәстүрі біздің ата бабамыздың тарихына көз салдырады.

Төртіншісі тарихы адам өз тарихын әрқашан біліп жүруі тиіс себебі біз өз тарихымызды білмесек туған жерімізді де білмейтін боламыз.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi