мәтін: Жылдар жылжыған сайын биіктей беретін ғасыр адамдарының бірі - данышпан Альберт Эйнштейн 1879 жылдың 14 наурызында кедей еврей отбасында дүниеге келді. Алғашқы білімін Мюнхендегі католиктік шіркеуде алды. Бұл мектепте оған барынша діни түсініктерді таңуға тырысса да, оның кейін ғылыми кітаптарға ынтызары ауып, ақыры ғылым жолына бет бұрады. Гимназияда оқып жүрген кезде, Альберт қиын оқушылар қатарына жатқызылып, оның тәртібі туралы мұғалімдер арасында көп әңгіме жүрді. Мұғалімдермен пікірталастыруға бейім тұратын ол математика мен латын тілі пәнінен басқа сабақтарға салғырт қарап, жеткілікті деңгейде көңіл бөлмей оқыған. Осылайша, болашақ ғалым 1895 жылы Цюрихтегі Политехникумге оқуға түсуге әрекет жасап көреді. Дегенмен, сол жолы бағы жанбай қалып, оқу табалдырығын аттай алмайды. Келесі жылы қайта бағын сынап, сол жерде білім алуға кіріседі. Ғылым мен техникаға бейім Альбертке бұл жер әлбетте, ұнады. Білім ала жүріп, осы оқу орнында өзінің болашақ жары Марич Милевамен танысады. Оқуын аяқтаған соң, Альберт біраз уақыт бойы тұрақты жұмыс орнын таба алмай әуреге түссе де, өзінің ғылыми ізденістерін тоқтатпай, жалғастыра береді. Осылайша, 1901 жылы өзінің алғашқы "Капилярлылық теориясының салдары" атты мақаласын жариялайды. Тура төрт жылдан соң, 1905 жылы барлығымызға аян салыстырмалылық теориясы жұртшылыққа таныстырылады. Осы жылы Эйнштейннің 3 атышулы мақаласы жарық көреді. Бұл теория ол кезде "арнайы салыстырмалылық теориясы" деп аталған еді. 10 жыл өткен соң, жалпы салыстырмалылық теориясы пайда болып, барлығымызға белгілі күйге енді. Басқаша айтсақ, осы жылдары Энштейн бүкіл ғылымды дүр сілкіндіріп, теориялық физиканың жаңа дәуірін бастап берді. 1921 жылы ғалым Нобель сыйлығына ие болады. Гитлер билік басына келгеннен кейін, 1933 жылы Германиядан біржола кетіп, АҚШ-қа көшеді. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң, Эйнштейн бейбітшілікті көп насихаттауға бет бұрып, өмірінің соңын осы АҚШ-та өткізіп, сол жерде дүние салады. Оны білетін жұрт өте кішіпейіл, жайдары жан болғандығын айтады. Өте абыройлы ғалым болса да, өзінің де қателесуі мүмкін екендігін әрдайым мойындап, диалогтан еш қашпаған


мәтін: Жылдар жылжыған сайын биіктей беретін ғасыр адамдарының бірі - данышпан Альберт Эйнштейн 1879

лера2285 лера2285    2   24.11.2021 01:03    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi